АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

91

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Бұған дейін, 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім, Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді.

Арыс қаласында білім саласында жағымды жаңалықтар көп. Биыл Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде «Тараз» тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы басталды. Келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» тұрғын ауданынан 900 орындық мектеп салынады.

Бұдан бөлек, Отырар тұрғын ауданынан 600 орындық мектептің, және И.Журба мектебінде 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер есебінен Онтам тұрғын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен 300 орындық, Алатау тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп салынады.

«Жалпы, алдағы жылдарда жаңадан 6 мектеп пен 5 балабақша ашылады деп жоспарлануда. Осылайша, 3700-ден астам оқушыға жағдай жасалады», — деді Гүлжан Мамытқызы.

Жалпы биыл, қала мен ауылдарда оқитын бастауыш 1-4 сынып оқушылар 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, жиында ауыз су жүйелерін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.

Атап айтқанда, қазіргі таңда Арыс қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:

– Арыс қаласына дейінгі суаққы құрылысы;

– Саяжай-1, Саяжай-2, Саяжай-3 тұрғын ауданының ауыз су жүйесінің құрылысы;

– Көктем-1, Көктем-2 тұрғын ауданында су мұнарасы мен су сорғы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст

Advertisements