ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Баршаңызды, 16 қыркүйекте өтетін Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) акциясына шақырамыз.
Сенбілік қалаға кіре беріс қақпадан (арка) басталады.
Акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылады деп күтілуде.
Арыс қаласы әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.