АРЫСТА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

97

Түркістан облысы, Арыс қаласында «Еңбек күні» мерекесіне орай жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Соңғы жылдары қала экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда, атап айтқанда еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі байқалады.

Жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуына, сұхбаттасып жүздесуіне ықпал жасау мақсатындағы шараға қала көлеміндегі меншік түріне қарамастан, барлық жұмыс беруші мекеменің басшылары мен кадр мамандары, жастар орталығының өкілдері қатысты. Қала көлеміндегі 34 мекемеден 78 бос жұмыс орны бойынша сұраныстар келген.

Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында консультация берілді. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан, мамандық алған адам да көп.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант пен жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген несие және аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся, стол и текст

Advertisements