ТАҒЫ ДА ЖҮГЕНСІЗ ЖАЙЫЛҒАН МАЛ

95
Төрт-түлігін қорасынан айдап шығарып, қараусыз қалдыратын тұрғындар азаймай тұр. Жақында 7 ірі қара малдың Арыс станциясының теміржол паркінде жайылып жүргендігі анықталды. Станциясының теміржол мекемесі мен Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде жүгенсіз жайылған ірі қара малды айыптұрағына қамады. Анықталғандай, теміржол қатынасына зиян келтірген бағусыз малдар үш тұрғынға тиісілі болып шықты.
ҚР ӘҚБтК 559-бабы, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша үш азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Құрметті тұрғындар!
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, теміржол қозғалысында сәл кідіріс орын алса, ол тұтас аймақтағы қозғалысты бөгейді. Жолаушыны жолынан қалдырады. Ал, Арыс станциясысы Тоғыз жолдың торабы саналғандықтан үлкен шығындар мен қауіпке әкеп соғады.
Сол себептен теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, төрт түлікті тәулік бойы көзден таса қылмауды сұрайды. Қоғамдық тәртіпті қайталама бұзған азаматтарға еселеніп айыппұл салынады.
Барша қала тұрғындарын жеке иеліктегі малдарын қараусыз қалдырмауға, оларды жол бойына, соның ішінде теміржолмен жүргізбеуге шақырамыз.
Нет описания фото.
Advertisements