ҚАЛА ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

101
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді.
Тұрғындар тұрғын үй мәселесі, аяқ жол мен жаяу жүргіншілер жолағын салу, аялдама орнату, кәсіпкерлікті дамыту, электр сымдарын жаңарту секілді мәселелерін айтты.
Тұрғындардың арыз-өтініштерін тыңдаған шаһар басшысы заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.
Жеке қабылдауға келіп ұсынысы мен өтінішін, мұң-мұқтажын баяндаған әрбір тұрғынның жеке мәселелері бойынша құжаттар толтырылып, орындалуы бақылауға алынды.
Нет описания фото.
Advertisements