ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫ ГАЗБЕН, АУЫЗ СУМЕН, САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛЫП ЖАТЫР

111
Облыста 833 елді мекеннің 720-сы сапалы ауыз сумен қамтылған. Яғни, 2 миллионнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 95 пайызды құрап отыр. Мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.
Сондай-ақ 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды. Жыл соңына дейін ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 738-ге жетіп, тұрғындардың 97 пайызына тіршілік нәрі жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы 2025 жылдың соңына дейін облыстағы елді мекендердің барлығы ауыз сумен қамтылмақ.
Табиғи газбен қамтамасыз ету саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соңғы бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды. Оған қоса Жетісай ауданында қуаты сағатына 50 мың текше метрды құрайтын 2 автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГТС) құрылысы аяқталуына жақындады.
Биыл 103 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 68 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендердің саны 522-ге жетіп, қамту деңгейі 63 пайызды құрайды.
Елді мекендердің 98 пайызы электр желісімен қамтылған. Биыл 71 нысанның құрылысына бюджеттен 10,7 млрд. теңге бөлінді. Нысандар пайдалануға тапсырылғаннан кейін, 55 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.
Облыста қажетті электр қуатының 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Электр қуатының тапшылығын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бу-газ қондырғы станциясын (ПГУ) салу арқылы шешу жоспарлануда. Станцияның қуаттылығы 1 мың МВт-ты құрайтын болады. Нысан үшін жер учаскесі белгіленді. Құрылыс жұмыстары барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады (құрылыс мерзімі 2024-2026 жж.). Жобаны іске асыру нәтижесінде облыстың электр қуаты тапшылығы шешілмек.
Нет описания фото.
Advertisements