АРЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК БҰРЫШ АШЫЛДЫ

104

Бүгін, қала орталығында орналасқан «Ақниет» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда маңызы зор жоба туралы қала әкімдігі мамандары аталған дүкен иесіне ұсыныс айтқан. Нәтижесінде, кәсіпкер мен «TURKISTAN» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісім шарт жасалынып, мұнда бірнеше азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда.

Мәселен, елу килолық 1 сортты ұнның қабы- 10000 тңг, макарон өнімдері – 300 тңг, картоп – 110 тңг, шекер 380 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер жоғарыда аталған корпорация арқылы алдағы уақытта басқа да әлеуметтік маңызы бар азық- түлік өнімдерін әкелуді көздеп отыр. Аталған дүкен, Арыс қаласындағы Байжанов көшесінде орналасқан (Орталық базар жанында, көтерме сауда дүкендері қатарында)

Қазіргі таңда, Арыс қаласында тағы бірнеше дүкенде осындай әлеуметтік бұрыш ашу жоспарлануда.

 

Нет описания фото.

Advertisements