20

Бүгін ынталы топ тарапының мүшелері К. Төрехан және Б. Юсуптың қатысуымен, Арыс қаласы «Білім бөлімі» ММ-не қарасты «№1 Е. Молдабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ-нің қызметкерлері және мектеп оқушылары арасынды жиын өткізілді.

🔹Кездесудің мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауын, тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, тұрғындардың сонымен қатар, қоғамның қозғаушы күші болып отырған жастардың ой-пікірімен алмасу болып табылады.

🔹Сондай-ақ, кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістердің бастамасына түрткі болып отырған, АЭС-тың (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың референдумға көзқарасы қандай екендігі баяндалды.

🔹Айта кетейік, ағымдағы жылы, қазан айының 6 жұлдызы күні жалпыұлттық референдум өткізіледі. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ, асатын мемлекетке» тән сипат, үлкен мәнге ие.Президентіміз айтқандай, біз осындай қадамдар арқылы жаңа коғамдық – саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасай аламыз.

🔹

Advertisements