ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АРЫСТЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

7

Бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласындағы АЭС салу мәселесі жөніндегі халықтық штаб мүшелері қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де белсенді жастармен кездесті.

 

Басқосуда атом электр станциясы мәселесі кеңінен талқыланып, еліміздің энергетикалық болашағы туралы маңызды пікірлер ортаға салынды.

 

Кездесуде жұмысшы топтың мүшесі Мөлдір Сарыпбекова дамыған елдердің барлығы электр энергиясын өндіруде атом электр станцияларының рөлін баса айтты. Ол қазіргі замандағы озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде кеңінен таралғанын жеткізді. Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек екендігін жеткізді. Оның айтуынша, атом электр станциясы экологиялық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі ұзақ мерзімді шешім болып табылады.

 

Кездесуге қатысқан қала жастары атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды.

Advertisements