“ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМ ДЕРТІ”

6

Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімінің» “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологы А.Үсеннің ұйымдастыруымен N 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп жасөспірімдеріне “Лудомания-қоғам дерті” тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
🔹Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жоқ, сондай-ақ рухани тұрғыда да әбден азғындатты.
🔹Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған.

Advertisements