АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БІЛГЕН АБЗАЛ

7

Ертеңнің қамын бүгін ойламасақ, бүрсігүні опық жеп қалуымыз бек мүмкін. Оны дамыған және дами алмай отырған елдер мысалынан көріп тұрмыз. Отандық ғалымдар да елге керек энергия көзі туралы жүздеген дәлел мен дәйек келтіріп, түйінді тұсын толық жіліктеп берді.
Орнықты энергия базасын құру – ауқымды міндет. Үлкен энергия көзін бір жерге жинап алып, сосын оны ретімен пайдаланып, сата береміз деген түсінік жоқ. Энергияны өндірдің бе, табан астында керегіңе жаратып үлгеру қажет. Артығын сол сәтте-ақ сатып жіберуге асыққан ләзім. Өйткені ол кәдімгі жел сияқты. Уысыңда ұстап тұра алмайсың. Сондықтан мамандар осы жүз-жылдықта АЭС қана орнықты үлкен энергия базасы бола алатынын айтып отыр. Сондықтан оның артықшылығын білген абзал.
Қазіргі ахуал өзгермесе 6-7 жылға жетпей елде электр энергиясы тапшылығы басталады. Су электр стансаларын салуға тауларымыз бен одан сарқыраған өзендеріміз аздық етеді. Жылу электр стансалары тиімсіз болады. Ондай стансаға инвестор тарту да қиын. Әрі өзіміздің де халықаралық міндеттемеміз бар, инвесторлар да экологиялық салық төлемі көп шығатын жобаға қаржы салуға құлықсыз.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, біз сияқты тегіс жерде жайласқан елдердің барлығы негізгі электр энергиясын АЭС-тен алады. Жазық жерде орналасқан Сауд Арабиясы мен Франция осы сөзімізге анық дәлел болмақ.
АЭС салуға батыл қадам жа¬сауымызға тағы бір ілкімді себеп – елдегі мол уран қоры. Оны экспортқа шикізат ретінде ғана сатпай, электр энергиясына айналдырып сататын болсақ, пайда әркез біздің жағымызда болмақ. Тек электр энергиясын сатумен 2-3 млрд долларлық табыс табуға мүмкіндік бар.
АЭС-тің орналасатын орны да тиімді. Электр энергиясы тап-шылығын қазірдің өзінде көріп отырған оңтүстік өңірге жақын. Сондықтан ішкі жалпы өнімге де, бюджетке де оң әсер етеді.
Ең маңыздысы – экологиямыздың көп мәселесін шешеді. Әсіресе қыста Алматы ауасын жылу электр стансаларынан құтқару мүмкін болады. Әбден тозығы жеткен олардың қызметін тоқтатып, бейбіт атом қуатын пайдаланамыз.

Ақбота Үсен – белсенді

Advertisements