
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы психотропты заттардың айналымы, есірткі саудасына қатысты толықтырулар енгізілген заңға қол қойды. Талап күшейе түсті. Сондықтан жұмысты жандадыру керек. Штаб мәжілісінде өзекті мәселелерді жасырмай айтыңыздар. Әсіресе, аудан, қалалардағы әріптестер кездескен қиындықтар, жұмысты үйлестіру жөніндегі пікірлерін айтқаны жөн. Ол ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, жұмыс жүйелене түседі. Құқық қорғау органдары тарапынан есірткі бизнесінің алдын алу және нашақорлыққа қарсы күрес жүргізілуде. Алайда бұл індетпен барлығымыз күресуіміз керек. Жастар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыс күшейтілуі тиіс. Білім ұяларында, жастар шоғырланатын орындарда тиісті шараларды атқарыңыздар. Бұл жұмыстарға еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдарды көптеп тартқан жөн, – деген Бейсенбай Тәжібаев аудан, қала әкімдері орынбасарлары мен жауапты мекеме басшыларының есептерін тыңдады.