
– Биыл жаңа заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол заңда қолөнер саласын дамыту міндеті де жүктелген. Бұл ретте тарихи шаһардың әлеуеті жоғары екенін білеміз. «Қолөнершілер қалашығын» дамытып, жұмысын жүйелі түрде үйлестіру керек. Бұл жоба туризмді, қолөнерді дамытып қана қоймай, өзін-өзі қамтитын, кірісті ұлғайтатын деңгейге көтерілуі қажет. Жан-жақты ойластырып, жұмысты сапалы атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.