ШЫМКЕНТ: Көп балалы аналарға төсбелгілер табысталды

353

Көп балалы аналарға төсбелгілер табысталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 18 анаға «Алтын алқа» және 72 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚР мемлекеттік наградалары туралы Заңына сәйкес, көпбалалы аналарға – «Алтын алқа», «Күміс алқа»»сынды омырауға тағатын белгі табыс етіледі.
«Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған және тәриелеп-өсірген аналар наградталады. Бұл награда ананың жетінші баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте беріледі. «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. «Алтын алқа» және «Күміс алқада» да Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.

Advertisements