МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ

129

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TEDx форматында мемлекеттік қызметшілердің, студенттер, магистранттар және докторанттардың қатысуымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам капиталын дамыту  туралы семинар өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темирбекова Жанар Амангелдықызы алғы сөз бастап, білімнің адам үшін ең негізгі құнды капитал екенін айтты.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Балажанов Өркен Байділханұлы өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен және жастармен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам капиталын дамыту бойынша құнды ақпараттармен бөлісіп, еңбек нарығындағы бәсекелестік туралы ойын ортаға салды.

Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға енгізілген оң өзгерістер, Әдеп кодексі талаптары қосымша түсіндірілді.

Сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резервін, өңірлік жастар кадр резервін жасақтаудың және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын үздік тәмамдаған түлектерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызметтегі адам капиталының санасына оң өзгеріс әкелетіні тілге тиек болды.

Қазіргі таңда облысымызда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын үздік бітірген 8 түлек конкурссыз тағайындалып, мемлекеттік қызмет атқаруда.

Сондай-ақ, Өркен Байділханұлы жастарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте меритократия қағидатымен өсуге мүмкіндіктердің көп екендігін және ол үшін қандай қасиеттер қажеттігін атап өтті.

Жиынды қорытындылау барысында семинар қатысушылары тарапынан қызығушылық танытып, сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.

 

 

                                              ҚР Мемлекеттік қызмет істері                                     агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

 

 

Advertisements