ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК

146

Мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық. Бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімдіде білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде.

Осыған орай, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасы аясында, мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша тәртібін әзірледі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес

(GPA 3.33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға,

жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Бүгінде, Республикада 190-ға жуық түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 15-і Түркістан облысына тиесілі

Олар, Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам, Отырар, Қазығұрт, Төлеби, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған.

Осы орайда, жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облыс

бойынша департаменті

 

Advertisements