ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаттары Әль-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді

244

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Данабек Исабеков, Қайрат Сүлейменов пен Айгерім Джұмақұлова бекітілген жоспарға сәйкес Әль-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, мердігерлермен кездесіп, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.

Соғылып жатқан құрылыс нысандарын аудан әкімі Рашид Мыңбаев көрсетті.
Отырар шағын ауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Тұрғын үй аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов 45 В орналасқан спорт алаңшасын да барды.
Қаламыздың жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында «Қуатжылуорталығы-3» қазандығында да болып, Жылыту мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйелерімен танысты.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін аяқталған соң партия депутаттары мен мониторинг топ қосымша келіп тексеретін болды. Сайлауалды бағдарламалардың нәтижелі орындалуы үнемі партия назарында!

Advertisements