36
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУ
Азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру негізінде «Сапалы қызмет» телеграмм боты іске қосылған.
Бұл ретте, мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.
Сонымен қатар, Агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Айта кету қажет, аталған боттың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.
Осы тұста, қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстары болса, бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтамалар алу үшін ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана алады.
Сондай-ақ, уәкілетті органға қандайда бір шағымы болса, қызмет алушыға қатысты толық ақпаратты көрсетіліп, шағымды толыққанды баяндай алады.
Шағымға 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауаптар ұсынылады.
Бүгінгі таңда, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментімен аталған телеграмм бот арқылы азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілуде.
Атап айтқанда, шағымдардың басым көпшілігі «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау», «Баланың тууын тіркеу» және т.б мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты 42 сауалдар түсті.
Осыған орай, Департаментпен тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат алына отырып толыққанды жауаптар ұсынылды.
Аталған телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері шығарып жарияланған.
Қазіргі таңда, Департаментпен шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Sapaly qyzmet» телеграмм ботымен қатар «Сенім телефоны» Сіздерге уақытылы жауап ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз.
Суртеков Дархан Аширханұлы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Возможно, это изображение телефон и текст
Advertisements