Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

354

Түркістанда  үш күнге созылған талантты  балуандар бəсекесі аяқталды. Ерлер және қыздар арсындағы бәсеке халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. 2002-2004 жылы туған жігіттер мен қыздар арасында өткен сайыс ел Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  жəне Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр  Рақымовтың жүлдесіне арналды.

Түркістанда заман талабына сай бой түзеген «OLIMPIC CENTER» спорт  кешенінде өткен     халықаралық сайысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан мен Қазақстаннан ең таңдаулы жас балуандары қатысты. Халықаралық турнирге ерлерден  410  балуан қатысса, қыздардан 110-нан астам бұрымды спортшы бақтарын сынады. 11 салмақ бойынша жүлделер сарапқа  салынды.

Халықаралық турнирде Түркістан облысының намысын  қорғап, 52 келіде өнер көрсеткен Дінмұхамед Мергенбай қола жүлде иеленді. Бұдан бөлек Қуандық Шалқарда қола медалді қанағат етті. Ал  79 келіде Елнар Шілдебай алтын медальді қанжығасына байласа, осы салмақта түркістандық Бекзат Тілдебаев пен 86 келіде бақсынаған Иманғали Қалдыбек қола жүлдені еншіледі.

Батыр бабаның жүлдесіне арналған халықаралық сайыста Түркістан облысының дарынды  балуан қыздар жарады. 50 келіде түркістандық Балжан Шəкір жеңімпаз атанып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 53 келіде белдескен Шұғыла Өмірбек — күміс, ал, Еңлік Қабылбек қола жүлдегер атанды.  Данагүл Мəлкен турнирдің жеңімпазы атанса,   Мадина Аман күміс алқаны еншіледі. Нулифар Раймова қола жүлдегер атанса, Шəмшиябану Тастанбек күміс жүлдеге ие болды. 72 келі салмақта шеберлігін көрсеткен Нұржамал Нұрма күміс алқаны місетұтса, 76 келі салмақтағы жас спортшы қыз Арайлым Алтынбекте күміс жүлдегер атанды. Турнирдің жеңімпаздарымен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.
Бұл сайыста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тəжікстан балуандарының да мықты екендігі аңғарылды. Олар да жүлделі орындардан көрінді.

Advertisements