Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама түзілді

370

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама түзілді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Ордабасы ауданының бірнеше ауылында ауыл әкімдерімен бірлесіп, арнайы іс-шара ұйымдастырды. Онда абаттандыру қағидаларын бұзу және үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында қараусыз жүрген малдарды арнайы оқшаулау орындарына қамау жұмыстарын жүргізді. Осындай қараусыз жүрген малдардың 10 иесіне қатысты ӘҚБтК 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды және жою қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді. Аталған шара барысында жалпы жыл басынан бері Ордабасы ауданының полиция қызметкерлерімен ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 458 азаматқа әкімшілік хаттама түзілсе, 406-бабы (ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша 75 құқық бұзушылық анықталған. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы салдарынан болатынын айтады. Сондықтан полицейлер ауыл адамдарына үш жақты шарт жасау арқылы, малды бірлесе бағуды ұйымдастыруға болатынын түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын жасаңыздар деп ескертеді.

Advertisements