Шаһар күнінде этноауылда мерекелік шара ұйымдастырылды

419

Шаһар күнінде этноауылда мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды yassy-tur.kz 

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы Тәуелсіздігіміздің арқасында Түркістан шаһары түрленіп, қарыштап дамып келеді. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей облыс орталығы атанған Түркістанның ынтымақ бірлігі жыл санап беки түсуде. Қасиетті шаһарда жұдырықтай жұмылып, тұрмыс кешуіміз Тәуелсіз еліміздің тұғырының биіктей түскенінің кепілі.

Түркістан халқы үшін және барша өңір тұрғындар үшін Елбасының Жарлығына сәйкес, облыстың орталығы атанғанына үш жылдан асты. Осы жылдар ішінде Түркістанның жаңа заманғы тынысы ашылып, келешек келбеті айшықталып келеді. Яғни, біз үшін болашақтың еншісінде өте олжалы кезеңдер енді басталмақ. Баршамызға қасиетті қаламыздың жаңа келбетін тамашалау бақыты бұйырып отыр. Әрбір айтулы күнде, әрбір қуанышты сәтте бұл тарихи жаңалықты көкірегімізді қуанышпен кернеп мақтанышпен айта аламыз. Елбасымыз өзі атап көрсеткендей, өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген бұл тарихи шешім көне қаланың әрі қарай дамуына жағдай жасап, айрықша мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.Сонымен қатар, Түркістан қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Қаламызда тарихи ұлттық құндылықтарымыздың кең дәріптелуі жолға қойылған. Соның нәтижесі болса керек, Түркістанда жыл сайын саяхатшылар саны артып келеді.Бүгін яғни, 23 қазан «Қала күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырында Түркістан» атты мерекелік іс-шара Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы этноауылда қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

 

Advertisements