Түркістан облысының полицейлері зауытқа 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген бұрынғы директорды ұстады

451

Түркістан облысының полицейлері зауытқа 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген бұрынғы директорды ұстады, деп хабарлайды  mnews.kz

Кентау қалалық ПБ-ға зауыттардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда аталған мекеменің бұрынғы директоры зауытқа тиесілі техникаларды сатып, ақшасын өз қалтасына басып қалғанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 миллион теңге жуық.  Аталған дерек ҚК 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат Алматы қаласынан ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі алты бірдей техниканы сатып жіберген. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Содан соң Алматы қаласында бой тасалап жүрген. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдікті аз уақыттың ішінде ұсталды.

Advertisements