Мақтааралда 66 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды

470

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы бойынша 2021 жылы 9050 адам қамтылуы керек болса, 9 айда бұл көрсеткіш 8616 адамға жетіп, қазірдің өзінде жыл жоспары 95,2%-ға орындалды. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген аудан әкімі Б.Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды  gov.kz

Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту бойынша 2021 жылы 150 адамды, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 173 адамды оқыту жоспарланып, қазіргі таңда орындалуда. Сондай-ақ, “Бизнес бастау” жобасы шеңберінде оқуға 301 адам жолданып, жалпы 523 азамат кәсіпкерлік негіздеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың иегері атанды. Қоғамдық жұмыс орындарына 2306 адам жолданып, оның 33 тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 830 адам жолданып, оның 8 тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, жастар практикасына 596 адам тартылды. Мақтаарал ауданы аумағында Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 160 гектаржер телімі ішінен құрылысы аяқталған 16 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық арендалық мақсатта берілген. Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 миллион теңге қаржыға аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 50 үй берілді. Осылайша биылдың өзінде 66 мақтааралдық отбасы мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болып отыр. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек аудан аумағынан 1,8 миллирд теңгеге 3 қабатты 36 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылды.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында тұрғын үй кезегінде 1423 адам есепте тұр.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements