ШЫМКЕНТ: Абай ауданының әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді

395

Халықпен кері байланыс орнату және мәселелерді тұрғындармен бірге талқыға салу мақсатында, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир барысында аудан аумағын инфрақұрылыммен қамту жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ауданға 2014 жылы 10 елді мекен қосылған. Алайда шалғай аудандарды инфрақұрылыммен қамту мәселесі қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы негізінде 2020 жылдан бастап қолға алынған. Қысқа мерзімде 461 млн. теңгеге ЖСҚ-лар әзірленіп, қазірде құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.
Ауданда 34 елді мекеннің 24-і сапалы сумен қамтылған, 10 елді мекен ұнғыма суын пайдаланып келген. 2020 жылы Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар тұрғын алабында құрылысы басталып, биыл пайдалануға берілді. Ынтымақ-2, Батыс, Нұршуақ шағын ауданына жыл соңына дейін сапалы су берілсе, Құрсай мен Арғымақ келер жылға өтпелі.
Тікелей эфирде электр жүйесімен қамтуға да тоқталып өтті. Аудан әкімі 8 елді мекен жекеменшік жүйеден жарық алатыны, оны мемлекеттік жүйеге өткізу үшін биыл 3,4 млрд теңгенің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар ауданда 11 елді мекен қатты отынды пайдаланды. Биыл Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ тұрғын алабтарын табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ал Ынтымақ-2, Нұршуақ ш/а ЖСҚ әзірленуде, Құрсай, мен Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына жобалық сметалық құжат әзірлеу 2022 жылға жоспарлануда.
Аудан әкімі тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан келген 40-қа жуық сұраққа жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі табиғи газ, су, жарық және қоғамдық көлік төңірегінде болды.
Advertisements