Кентауда 4 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

0
412

Кентау қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты аясында 4 153 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 30 адам даяшы және тігінші мамандығы бойынша оқыған. Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау-бизнес» жобасы бойынша Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы 178 адам кәсіпкерлік негіздерінде дәріс алған.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінің оқыту курстарынан өткен 116 үміткер грантпен қаржыландырылды. Олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасылардан шыққан азаматтар, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар бар.
2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобалар бойынша Кентау қаласында 2 нысан қолданысқа берілді. Аталған 2 нысанға 67 азамат жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 213 еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 5 адам, «Бастау-бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздерінде – 13 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқу арқылы – 2 адам, мемлекеттік грант арқылы – 6 адам, жастар практикасы бойынша – 10 адам, қоғамдық жұмыспен – 64 адам, тұрақты жұмыспен – 113 адам қамтылды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements