Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мобильді қосымша іске қосылды

321

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «NGO ONLINE» мобильді қосымшасы іске қосылды. Елімізде алғаш рет қолға алынған жобаның мақсаты – қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру үшін ақпараттық және кәсіби практикалық көмек алуға жағдай туғызу. Бұл туралы бүгін брифингте «Жалын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков мәлімдеді.

«Мобильдік қосымша Android және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін болады. Қазірше тестік режимде. Мобильдік қосымшада ҮЕҰ мен донорлар базасы, жарияланған жобалар мен конкурстар туралы ақпараттар, іске асырылып жатқан жобалар туралы мәліметтер болады. Сондай-ақ, оқыту курстары, онлайн кітапхана, кеңес беру қызметі, сауалнама алу және маңызды мәселелерді талқылау функциялары қамтылған», – деді Құрмет Керімбеков.
Облыстың қоғамдық ұйымдары бірыңғай тез ақпарат алмасып, қажет қызмет пен ақпаратты аталған платформадан ала алатын болады. 
Advertisements