ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ТОҒЫЗ БАҒЫТТА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

208
Түркістан қаласында тұрғындардың өтініші бойынша тоғыз бағыт бойынша қоғамдық көліктердің жүру тәртібі өзгертілді. Олар: 2А, 4, 4А, 5, 5А, 14, 18 31, 7 маршрутты қоғамдық көліктер. Түркістан қаласына былтыр 40 жаңа автобус келіп, 3 бағыт жаңадан ашылды.
Қазіргі таңда, жоспарға сәйкес шаһарға 10 жаңа автобус жеткізілді. Бұл автобустар №1 бағыт бойынша тұрғындарға қызмет етеді. Бастапқыда жаңадан алынған автобустарды №6 қоғамдық көлік бағытына жүргізу жоспарланған болатын. Осыған байланысты, жаңа автобустар №6 бағыттағы қоғамдық көліктердің жол жүру сызбасымен сынақтан (тест-драйв) өтті. Сынақ барысында аталған жаңа габаритті автобустар жол қауіпсіздігін сақтауға кері әсерін тигізетіні анықталды. Өйткені автобустардың ұзындығы 10 метрді құрайды. Ал №6 қоғамдық көлік бағытының «Баянауыл», 1-мөлтек аудан аумағындағы жолы 5-6 метрден тұрады. Яғни, бұл автобус үшін ені қысқа көшелерде қатынас жасау және бұрылу қиындықтар тудырды. Ол өз кезегінде жол қауіпсіздігін сақтауға кедергі келтірді. Осыған байланысты сынаққа қатысушылардың келісімімен жаңадан алынған автобустарды қолданыстағы қалаішілік №1 бағытқа жүргізіп, №1 бағыттағы қолданыстағы 8 метрлі автобустарды қалаішілік №6 бағытқа ауыстыруға шешім қабылданды.
Қазіргі таңда қала бойынша тасымалдаушы жүзеге асырып жүрген 19 бағыттың 6-уы автобус бағыттары болып саналады. Қалғаны шағын автобус бағыттары. Қалаға жаңадан келген автобустар тасымалдаушылар есебінен алынған. Осыған сәйкес, 2023 жылға қалаішілік №7, 5, 5А бағыттарындағы шағын автобустарды да жаңарту жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements