ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

206
Түркістан қаласында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі пленумының ІІ отырыс өтті. Күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын орындау барысы талқыланды. Пленумға барлық аудан, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен өкілдері, әкімдердің идеология жөніндегі орынбасарлары және басқарма мен бөлім басшылары қатысты.
Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов баяндама жасады. Олар Жолдаудағы саяси реформалар мемлекеттік басқару саласына өзгеріс енгізіп, мемлекеттің дамыуына тың серпін беретініне тоқталды. Сонымен қатар жиында Бәйдібек, Сайрам ауданы ардагерлерінің мүшелері де өз ой-пікірлерін айтты. Түркістан қаласы мен Төлеби ауданы ардагерлері Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді.
Пленум қортындысы бойынша ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements