МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТАН АЛДЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ АДАЛ АТҚАРУЫ ТИІС

364
Түркістан облысы әкімдігінде Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша мәжіліс өтті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде Ұсынуды қарау тәртібі де сараланды.
Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжас және басқарма басшылары қатысты.
Жиында қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныстар қаралды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті. Өздеріңізге белгілі кейінгі жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген реформалар жарияланды. Абыройлы аттарыңызға кір келтірмей, Отан алдындағы міндеттеріңізді адал атқаруға шақырамын, – деді А.Жетпісбай.
Қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отырға міндетті. Мәжілістің қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements