Президент өңір әкімдерімен кездесті

349
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.
Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Президент Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет.
Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.
Advertisements