«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ

284

ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылатын «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

Жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар қатыса алады. Жалақыны субсидиялау мерзімі Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 18 ай;

Субсидия көлемі 30 АЕК.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Бұл жөнінде толығырақ мәліметті Арыс қаласы, Т.Тәжібаев көшесі №9 үйде орналасқан Арыс қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады!

Advertisements