АРЫС ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өз кезегінде, жеке қабылдауға жазылған азаматтар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, тиісті өз сауалдарын жолдады.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үйді жөндеу, үй кезегіне тұру, жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу, денсаулық сақтау, жайылымдық жер мен әлеуметтік көмек мәселелері қозғалды.
Қала басшысы әр тұрғынның сауалына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасай отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін назарда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.