Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді

287

«GPC Investment» ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Айта кету керек, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.

Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты «GPC Investment»  компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Advertisements