МОНИТОРГИНГТІК ТОП ӨКІЛДЕРІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

244
Арыс қаласына Республикалық «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының төрағасы, Independ Digital Agency агенттігінің басшысы, Independ.kz ақпараттық порталының иесі Рафаэль Гасанов пен «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Әсет Әссәнди және бір топ сала мамандары мен БАҚ өкілдері арнайы сапармен келді.
Әкімдік ғимаратында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жеке қабылдауынан кейін қонақтар төрт әлеуметтік нысанды аралап, ол жердегі жұмыстармен танысты.
Алдымен «Ардагерлер орталығы» мен «Тең қоғам» әлеуметтік орталығына ат басын бұрып, ол жерде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар мен қызмет-құрметтің куәсі болды.
Содан кейін Арыс қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, қала тұрғындарына цифрлық технология бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылады.
Сондай-ақ, қонақтар Арыс қаласында енді ғана қызмет көрсете бастаған «Тайбурыл» демалыс аймағында болып, қоғамдық демалыс орнының жұмысымен танысты.
Advertisements