АРЫСТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

13

Арыс қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен жастар бір кісідей атсалысты.

Сенбілікті бақылауға арнайы келген шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл шара қаланың тазалығын сақтауда және тұрғындар арасында экомәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сенбілік барысында Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы арамшөптер шабылып, қоқыстар жиналды. жиналған қоқысты, үйме боп жиналған арамшөптерді тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, «Жасыл Арыс» КММ мамандары жол бойына егілген ағаштардың қоршауын сәнді де жайлы шарбақтарға ауыстыруда.

Сенбілікке қатысып, туған қаламыздың көркеюіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілікке тұрғындар бүгінгіден де белсене атсалысады деп сенеміз.

Advertisements