АРЫС: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

292
Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылау өткізді. Қабылдау шарасына келген 9 азамат негізінен жер мен кәсіпкерлікті дамыту, егін шаруашылығына қатысты су мен электр жарығын шешу мәселелерін сөз етті.
Ақдалалық кәсіпкер Жұмағали Керімшеев егіс алқабындағы жоңышқаны жаңбырлатып суару технологиясын енгізу үшін электр қуатын тартуға көмек сұрай келген.
Сонымен қатар, ауылдық округте егінге қажетті сумен қамтамасыз ету бойынша шаруалармен арнайы жиын өткізу үшін түстен кейін ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауыл әкімдігінің мамандарын су басына жіберетін болып келісілді.
Жалпы, қабылдау шарасы кезінде тұрғындарға кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру мен жеке кәсіпті дамытуға қатысты қолдау, көмек шаралары туралы дербес бөлім басшылары мен сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Advertisements