ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

346
Бүгін Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев азаматтарды жеке өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Әкімдікте ұйымдастырылған шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков пен Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Бас маманы Қонақбай Ережепов те қатысты.
Қабылдауда болған тұрғындардың негізгі өтініштері тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, сондай-ақ мектеп формасына қатысты мәселелер аясында болды.
Әкім орынбасары әр тұрғынның сауалына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасай отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін назарда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Advertisements