АРЫСТА КӘСІБИ «СПОРТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

250
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Арыста спортты дамыта отырып, саламатты өмір салтына айналдыруға айырықша көңіл бөлінуде. Әлемнің әр түкпірінде қазақ елінің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыздың желбіреуіне бар күш-жігерін салып, ел абыройын асқақтатып жүрген арыстықтар жетерлік.
Елімізде тамыздың 3-ші жексенбісі спорт күні ретінде атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай, Арыста Орталық стадион спорт кешенінде Арыс қаласының спорт мекемелері арасында спартакиада өтті.
Жарыстың ашылуында сөз алған қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев бұқаралық спортты дамытуда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Жаттықтырушылар мен спортшыларымыз алдағы уақытта да Арысымыздың мерейін тасытып, даңқын асыратын лайықты спортшыларды тәрбиелеу үшін өздерінің шеберлігі мен күш-жігерін, тәжірибесін жұмсай береді деп сенемін», – деді Рысдәулет Пайланұлы.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға қатысушылар спорттың 10 түрінен бақ сынады.
Атап айтқанда кіші футбол, үстел теннисі, жүгіру (100 метр), жүзу мен дойбыдан бөлек, ләңгі тебу, қол күрес, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен кіл мықтыларды анықтады.
Жалпы командалық есепте жеңімпаз атанған командалар мен үздік ойын көрсеткен жекелеген спортшыларға қала әкімінің алғыс хаты, кубоктар мен медальдар табысталды.
Advertisements