ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

263
Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов әкімдіктің кіші мәжіліс залында қала тұрғындарының жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй мәселесі, тұрғын үй кезегі, сондай-ақ ескірген электр бағаналарын ауыстыру, жасанды жол кедергілерін орнату, тұрғын үй құжаттарын реттеу сынды мәселелер көтерді.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған қала әкімінің орынбасары олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Advertisements