ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ
1 қыркүйек күні- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымызға арнаған кезекті Жолдауын арнады. Еліміз үшін аса маңызды Жолдауды Арыс қаласының жастары да шынайы көңілдерімен қолдап қуаттады.
«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы өте зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: – «Жастарға қолдау көрсету мемлекетіміз үшін маңызды екенін айтып өтіп, 100 мың жас жұмыспен қамтылатынын, олар кәсіп бастаймын десе 2,5% несие берілетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады»-деп, орынды айтып өтті.
Шын мәнінде, Тәуелсіз мемлекеттің құшағында өмір сүру бақытына ие болған бүгінгі жастарымыз үлкен қуаныш құшағында. Жастарымыз қалауынша білім алып, әр салада еңбек етіп келеді. Тәуелсіз Отанымызға тірек болар, соғып тұрған жүрек болар білімді, білікті, ақылды, ойлы, алғыр жастарымыз көп. Өз болашағын қамдап жүрген жастардан күтер үмітіміз мол. Мемлекетіміздің басшысы жаңа Жолдауында ел дамуының жолдарын көрсетті. Алда тұрған міндеттерді саралады. Жұртты алаңдатып жүрген мәселелерге де тоқталды. Біз жастар, Жолдауды қолдай отырып, мемлекетіміздің дамуы жолында жастық жалынымызды, білімімізді, қажыр-қайратымызды жұмсай беретін боламыз.
Ақерке Нұрлыбай
Арыстық белсенді жас