ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҚАШАН ДА ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ

218
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші.
17 қыркүйек – «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы қаламызға қарасты 6 ауылдық округте де қарқынды жүрді. Сенбілік барысында қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, өлексе көметін арнайы орындар, су жүретін арықтарды тазалау, ағаш егу, гүл отырғызу, мекеме қақпалары мен шарбақтарын сырлау жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шарасында тұрғындар толарсақтан саз кеше қоймаса да, тобығына дейін былғанғандары жетерлік. Ауыл тұрғындары округ әкімшілігімен бірлесе отырып белгіленген аймақтар бойынша шөптерін шауып, өздерінің үлестерін қосып белсенділіктерін танытты.
Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі.
Игі шараға белсене қатысқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз. Қала мен ауылдарда алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.
Advertisements