АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР!

240
Ардақты ардагерлер!
Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біз, әрқашан «Үлкенге – құрмет, кішіден – ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін аса маңызды. Себебі, әрқайсыңыздың Арыс қаласының өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз.
Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінде қаламызда 2 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 215 тыл ардагері және 7 100 зейнет жасындағы қариямыз бар.
Арыс қаласында ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуға қолайлы жағдай жасалуда.
Атап айтқанда, өткен жылы ашылған «Ардагерлер орталығы» бүгінде арыстық қариялардың сүйікті орталығына айналып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.
Құрметті ардагер ағалар!
Қадірлі асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін зор үлгі, өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде жөнсіз істер орын алмайтындығы белгілі.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Ізгі ниетпен
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение текст
Advertisements