САНЫ ДА, САНАТЫ ДА ЖОҚ: ӘКІМ МАЛ МЕН ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

196
Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Байтоғай елді мекенінде жергілікті тұрғындармен кездескен Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова игерілмей жатқан жерлерді қайтару кезінде туындап жатқан кейбір келеңсіздіктер туралы айтты.
«Мемлекет басшысының ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлерді халыққа қайтару мәселесіне қатысты тапсырмасын жүзеге асыру барысында біршама мәселелер туындап жатыр. Мәселен, игерусіз жатқан жүздеген гектар жерді қайтару үшін оның иесіне хабарлассақ, біріңғай базада ешбір малы немесе қора жайы жоқ та, есесіне гектар-гектар жері бар. Ал індете тексергенде малы тіркелмеген, қорасы құжаттандырылмаған болып шығады. Содан келіп мәселе туындап жатыр. Бұдан шығатын қорытынды, жер мен малдың және үй-жайдың құжаттандырылуына мұқият көңіл бөлетін кез келді. Заң – жалпыға ортақ. Бәрін де талапқа сай реттеп алғанымыз жөн болады», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Айта кетейік, бүгін қала әкімінің халықпен кездесуі Байтоғай елді мекенінде өтті. Жиында ауыл тұрғындары жарық пен су, көше атауларын реттеу, мәдениет үйі мен жол салу мәселелерін көтерді. Оған сала мамандары тарапынан нақты жауаптар беріліп, алда атқарылатын жоспар-жұмыстар жұртшылыққа түсіндірілді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements