ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ КЕЙБІР ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

237
І. Шағын және микрокәсіпкерлік үшін инвестициялық мақсаттарға 20 млн. теңгеге дейін (3 жылға дейін), айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге (2 жылға дейін) дейін салалық шектеулерсіз 6%-бен (жалпы 17,5%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды) микронесие ұсынылады (қатысушы қаржы институттары: Халық банк, Сбербанк, Нұр банк, Банк Центр Кредит, Альфа банк, Ырыс). 6%-бен микронесиемен қоса микронесиенің 85%-на дейін кепілдік беру қоса жүзеге асырылады. Микронесие және кепілдік беру тікелей қаржы институттарымен жүзеге асырылады (уақытты максималды түрде үнемдеу мақсатында Даму қорының субсидиялау және кепілдік берудегі қатысуы жойылған).
ІІ. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту, қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктердің және «Аграрлық несие корпорациясы» қаржы институтының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялау, және кредиттер бойынша кепілдік беру көзделген. Пайыздық ставканы субсидиялау арқылы кредитті жеңілдетілген 6% мөлшерлемемен, субсидиялау мерзімі 10 жылға дейін ұсынылады. Кредитті алу үшін кепілзат жетіспеген жағдайда кредит сомасының 50% дейін мемлекет тарапынан кепілдік қаралған.
Бағдарламаға 133 экономикалық қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпкерлер қатыса алады (толық мәлімет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында)
«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-ның аймақтық өкілі тұрақты негізде жұмыс атқарады.
«Ырыс» МҚҰ егін және мал шаруашылығына, кәсіпкерлік салаларын несиелендіреді. «Кең дала» егін шаруашылығына 5 пайыз, несие беру мерзімі осы жылдың қараша айына дейін (1 жылға), сомасы 8000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Мал шаруашылығы, оның ішінде мал басын көбейтуге 8%, мал бордақылауға 12% несие беру мерзімі 84 ай, сомасы 8000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Аталған қаржы ұйымы өз қаражаты есебінен кәсіпкерлік мақсатқа 24,0 % несиемен 3 жылға кепілдік қою қамтамасыз етеді.
Түркістан қаласындағы «Оңтүстік» АИО» ЖШС-ы арқылы ауыл шаруашылығы егін шаруашылығына және ауыл шаруашылық емес салаларға 8-17% аралығында несиелендіруді қамтамасыз етеді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өнімдік бағдарламалары бойынша несиелеу шарттары:
«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасының шарттары:
Қаржыландыру сомасы 1 млн теңгеден бастап, мөлшерлеме несие алу әдісіне байланысты (1,5% бастап), Екінші деңгейдегі банктердің, аймақтық инвестициялық орталықтардың, Кепіл саясатының талаптарына сәйкес келетін мүлік кепілдігі.
«Агробизнес» несиелік бағдарламасы:
Тікелей / несиелік серіктестіктер, аймақтық инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялар.
Несиенің мақсаты:
Негізгі құрал-жабдықтар (оның ішінде модернизациялау);
Құрылыс-монтаж жұмыстары (соның ішінде қайта құру);
Өңделген қаражатты толтыру
Несие мерзімі 120 ай (Айналым ҚТ 24 ай)
Жеңілдік мерзімі 30 айға дейін
Несие сомасы 1 млн теңгеден бастап
Мөлшерлемесі 17%, (10% субсидиялау, 7% кәсіпкер)
«Іскер» бағдарламасы
Несие мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығына 7 жылға дейін.
Мал шаруашылығын дамыту- 5 млн теңге, зәкірлік кооперация қатысушыларына 12 млн теңге.
Өсімдік шаруашылығының дамыту- 6 млн теңге айналым қаражатын толтыру.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту 6 млн теңге, зәкірлік кооперация қатысушыларына 10 млн теңге.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу-
24,5 млн теңгеге дейін.
«Atameken-Тurkestan» МҚҰ несие беру шарттары
Микронесие мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға несие мерзімі – 7 жылға дейін;
микро несиенің ең жоғары сомасы:
– ауылдық елді мекендер (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін;
– несие төлеуге жеңілдік кезеңі 12 айға дейін.
ІІІ. 2021-2025 жылдарғы арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес бизнес-идеяларды қаржыландыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмысшы органы Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар осы мемлекеттік гранттар беру қағида тізбесі бойынша экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);
3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);
4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);
5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).
Жоғарыда аталған, мемлекеттік гранттар беру бойынша өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмысшы органы Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы ақпараттына сәйкес өткізіледі.
Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толы түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арыс қалалық бөлімшесі кәсіпкерлерге ақысыз негізде қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламаларына қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда Арыс қаласы Д.Қонаев көшесі №9А
кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығындағы тиісті мекемелерге (Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арыс қалалық бөлімше) жүгіну қажет.
Возможно, это изображение текст
Advertisements