ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ АТЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

196
Бүгін Республика күніне орай орталық стадионда Арыс қаласындағы теміржол және барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында футболдан Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы» Байсейіт Тәнкеевті еске алуға арналған Арыс қаласы әкімінің турнирі өтті.
Жарыста теміржол саласы ұйымдары мен қаладағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 7 команда күш сынасты.
Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мұндай шараның ел ішінде бұқаралық спортты дамытуда зор серпін беретінін атап өтті.
«Арыс – теміржолшылар қаласы екені баршамызға белгілі. Бүгінгі басқосуымыз осы теміржолшылар қаласынан шыққан жерлесіміз, Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы» Байсейіт Тәнкеевті еске алуға арналып отыр. Сондай-ақ, бұл шара қала тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстана отырып, спортпен тұрақты түрде айналысуына, азаматтар бойында отансүйгіштік рух пен патириоттық сезімнің қалыптастуына оң ықпал ететіні сөзсіз», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Сондай-ақ, шара аясында сөз алған Б.Тәнкеевтің немере інісі Бейсенхан Полатұлы мен қызы Күлзия Байсейітқызы әкесі жайлы қысқаша естелік айтып, жарыс қатысушылары мен оны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте депутаты болған Байсейіт Тәнкеев Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы» атанған азамат.
Advertisements