ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАР ЖАБЫЛУДА

168

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Осы орайда азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ТО ПД-ның тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: “Түннен бері облыстың басым аумақтарында қар аралас жаңбыр жауып, соңы қатты желге ұласты. Қар қалың түсті. Бірқатар жолдар жабылды.

Атап айтсақ,” Шолаққорған –Шаян” жолындағы Таскөпірсай асуы, “Шолаққорған–Кентау” жолындағы Ащысай асуы, Бәйдібек ауданының “Қошқар ата- Жарықбас- Бірлік” автожолы, Төлеби ауданындағы “Көксәйек-Нысанбек” жолы және республикалық маңызы бар “Шымкент-Алматы” автожолының Машат-Жамбыл облысы шекарасы аумағы жабық.

Осыған байланысты облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырамыз. Шыққан жағдайда көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен шығуды, көлікте қосымша сыртқы киімдер, азық-түлік алуды ұсынамыз.

Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз”-деп атап өтті.

Advertisements