ЖАҢБЫР, ЖЕЛ, КӨКТАЙҒАҚ: ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

289
«Казгидромет» РМК-ның 2023 жылдың 31 қаңтар-01 ақпан аралығында Түркістан облысының таулы және тау бөктері аудандарында жауын-шашын күтілуде. Сондай-ақ, 02-03 ақпан күндері облыстың басым бөлігінде тәулік бойы қатты жауын-шашын болады.
Салдарынан қардың қарқынды еруі, еріген су ағынының қалыптасуы, көктайғақ, өзен-көлдерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ, облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан күші 17-22 м/с қатты жел соғады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Арыс қаласы тұрғындарына сақтық шараларын ұстанып, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.
Бұған қоса, малды өріске шығармау қажеттігін, ағаштар, электр бағаналары маңынан алысырақ жүру керектігін ескертеміз. Дауылдан сақтану үшін өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы жерлерді зерделеп, сынған немесе бүлінген ғимарат жанынан, өзен және су қоймалары аумағынан аулақ жүру қажеттігін ескертеміз.
Возможно, это изображение на открытом воздухе
Advertisements