ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

258
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Арыс қаласына іссапармен келді. Сапар аясында Арыс қалалық мәдениет үйіне ат басын бұрып, өнерпаздармен жүздесті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев та аталмыш кездесуге қатысып, мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Қалалық орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездескен министр 2022 жылдан мәдениет, архив ісі ұйымдарының барлық санаттағы қызметкерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға өскенін, нәтижесінде 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жететінін тілге тиек етті. Бұл жаңалыққа өңірдегі мәдениет қызметкерлері қуанып, министр жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, 310 орындық Арыс қалалық мәдениет үйі 1987 жылы салынып, 2019 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жалпы, қала бойынша 2 Мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб жұмыс істейді.
Ал Арыс қаласы бойынша кітапханалар саны – 18, оның 3-еуі қалада, 15-і ауылдық елді мекендерде жұмыс істеп тұр. Кітап қоры –184748 дана, оқырмандар саны 18322 адамды құрайды.
2022-2023 жылдарға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жиделі, Ақдала, Дермене ауылдық округ орталықтарына ауылдық клуб кітапхана комплексімен бірге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс 2023 жылы аяқталып пайдалануға берілетін болады.
Возможно, это изображение 5 человек, люди стоят и в помещении
Advertisements