Арыс қаласы әкімі балалар күнімен құттықтады

130
Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді соңғы қоңырау салтанатты шарасымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қызығы мен қиыншылығы мол, қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы сәт.
Міне, тағы бір оқу жылы сәтті аяқталып қала көлемінде 1096 түлек мектеп бітіргелі тұр. Оның ішінде 20 түлегіміз «алтын белгіге» үміткер болса, 116 оқушы – «үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Шәкірттеріміз бұл жылы да үмітімізді ақтайды деп сенім білдіремін.
Осы оқу жылында қала ұстаздары мен оқушылары облыстық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, айтулы жетістіктерге жетті.
Соның ішінде, 22 оқушымыз облыстық байқауда оқ бойы озық шығып, жүлделі орындарға ие болды. Мен бұл жетістіктерге – ұстаздардың нәтижелі еңбектерінің үлесі бар деп санаймын.
Осы ретте сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздарымызға ризашылығымды білдіремін.
Сапалы білім демекші, елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді.
Осы ретте, ел сенімін, үлкендер үмітін ақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, алдарыңыздан болашақтың даңғыл жолы ашылсын!
Барша жас түлектерді алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін.
Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Advertisements