Жалпыға бірдей декларациялау туралы

124
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 630 және 633 баптарына сәйкес, жалпыға бірдей декларациялауды жүзеге асыру негізінде, Сіздің мекемеңізге қарасты аудандық және қалалық басқармалар мен бөлімшелер қызметкерлері мен олардың жұбайлары (зайыбы) тұрғылықты (болу) жері бойынша және дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны тұрған жері бойынша табыс етуге міндеттеледі.
Декларацияны жергілікті мемлекеттік кірістер органдарына бару немесе электрондық мемлекеттік қызметтерді kgd.gov.kz, «Салық төлеушінің кабинеті» және «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшалары арқылы табыс етуге болады.
Егер жеке тұлға, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 630 және 633 баптарында көрсетілген мерзімдерде 250.00 үлгідегі «Активтері мен мүлкі туралы» және 270.00 үлгідегі «Кірістері мен мүлкі туралы» Декларацияларды табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік кірістер органдары тиісті хабарламаны жолданып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 272-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.
Анықтама алу және қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8/72540/2-10-65, 8776-730-92-92, 8702-528-44-31 телефоны арқылы білуге болады.
Возможно, это изображение деньги
Advertisements